Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
"Қызылорда облысының білім басқармасының "Қазалы ауданы бойынша білім бөлімінің "Ж.Жабаев атындағы № 234 орта мектебі" КММ
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
"Қызылорда облысының білім басқармасының "Қазалы ауданы бойынша білім бөлімінің "Ж.Жабаев атындағы № 234 орта мектебі" КММ
Атауы Жүктеу
1 2022 - 2023 жылдық анықтама арнайы сынып психологі
2 2022 - 2023 жылдық жоспары арнайы сыныптар психологі 
3 2023 - 2024 жылдық анықтама арнайы сынып психологі
4 2023 - 2024 жылдық жоспары арнайы сынып психологі
5 2024 - 2025 жылдық жоспар арнайы сынып психологі
6 2024 - 2025 жылдың анықтамасы арнайы сынып психологтары

Атауы Жүктеу
1 Дефектолог анықтама 2021 - 2024 оқу жылдары
2 Дефектолог жоспар 2021 - 2022 оқу жылы
3 Дефектолог жоспар 2022 - 2023 оқу жылы
4 Дефектолог жоспар 2023 - 2024 оқу жылы
5 Дефектолог анықтама 2024 - 2025 оқу жылы
6 Дефектолог жылдық жоспар 2024 - 2025 оқу жылы 
7 Логопед анықтама 2021 - 2024 оқу жылдары
8 Логопед жоспар 2021 - 2022 оқу жылы
9 Логопед жоспар 2022 - 2023 оқу жылы
10 Логопед жоспар 2023 - 2024 оқу жылы
11 Логопед анықтама 2024 - 2025 оқу жылы
12 Логопед жылдық жоспар 2024 - 2025 оқу жылы
13 Мектеп психологтарының анықтамасы 2022-2023 жыл
14 Мектеп психологтарының анықтамасы 2023-2024 жыл
15 Мектеп психологтарының анықтамасы 2024-2025 жыл
16 Мектеп психологтарының жылдық жоспары 2022-2023 жыл
17 Мектеп психологтарының жылдық жоспары 2023-2024 жыл
18 Мектеп психологтарының жылдық жоспары 2024-2025 жыл

Психологиялық қызмет

Психологиялық қызметтің мақсаты - оқушылардың психологиялық денсаулығын сақтау, қолайлы әлеуметтік - психологиялық жағдай жасау және білім беру үдерісіне қатысуларға психологиялық қолдау көрсету.

Психологиялық қызметтің міндеттері:

  • оқушылардың тұлғалық және зияткерлік дамуына ықпал ету, өзін-өзі тәрбиелеу және өзін-өзі дамыту қабілетін қалыптастыру;
  • ақпараттық қоғамның жылдам дамуында олардың табысты әлеуметтенуіне психологиялық тұрғыдан жәрдем көрсету
  • психологиялық диагностиканы жүргізу және білім алушылардың шығармашылық әлеуметін дамыту;
  • психологиялық қиыншылықтармен оқушылардың проблемаларын шешу бойынша психологиялық түзету жұмыстарын жүзеге асыру;
  • оқушылардың психологиялық денсаулығын сақтау
  • психологиялық проблемаларды шешуде және оқу тәрбие жұмыстарының қолайлы әдістерін таңдауда ата-аналар мен педагогтерге консултациялық көмек көрсету;
  • білім беру үдерісі субектілерінің психологиялық - педагогикалық құзыреттілігін көтеру.

Психолог жұмысының негізгі бағыттары

  1. Психологиялық профилактика.(алдын алу)

Мақсаты: тұлғаның психикалық және тұлғалық дамуында кездесетін сәтсіздіктерге ескерту жасау.

  1. Психологиялық диагностика (зерттеу)

Мақсаты: тұлғаның жеке және жас ерекшелігін, сондай-ақ тұлғааралық өзара әрекет ерекшеліктерін зерттеу.

  1. Психотүзету және дамыту.

Мақсаты: оқушының психикалық және тұлғалық дамуындағы ауытқуларды болдырмау, жалпы оқу бағдарламасымен біліктілікті дамыту.

  1. Психологиялық консультация (кеңес)

Мақсаты: педагогикалық процесстің субьектілеріне кеңес беру

  1. Ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс

Түлектерге кеңес

Мамандыққа бастар 7 қадам

  1. Қателікке бой алдырмау

Көптеген жағдайда жастар қателесіп, қиялға ерік береді. Біреуді мамандықтың романтикасы тартады, оның үстіне боашақ мамандықпен нақты таныспай, оның кинолық нұсқасына бас ұрып жатады. Кейбіреуі пешенеге жазылған деген сеніммен ата-ана жолын бұлжытпай қуады. Ал келесі біреу жоғарғы оқу орнына мүлде басқа себептермен, мәселен жақсы досынан ажырамас үшін түседі. Тағы бірі алысқа баруға қиынсынып үйіне жақын орналасқан оқу орнына құжаттарын тапсыра салады. Мұның барлығы жөнсіз. Мамандықты таңдау - бұл жеңіл-желпі қарауға болмайтын дүние. Болашағыңыз осымен тікелей байланысты. Керісінше, бұл мәселені шамаңыз келгенше неғұрлым байсалдылықпен шешуге тырысыңыз.

  1. Дұрыс көзқарас

Ең алдымен істі терең ойлап, бұл таңдауды өз еркіңізбен жасауыңыз керек. Ата-ана мен достарыңыздың үгітіне бағынбаңыз, бұл олардың емес, сіздің өміріңіз екенін естен шығармағаныңыз абзал.

  1. Икемділікті анықтау

Біріншіден, өз қызығушылықтарыңызды бағалап алыңыз. Қандай іспен айналысқыңыз келеді? Сізге мектеп бағдарламасындағы қандай пәндер ұнайды? Бос уақытыңзда немен шұғылданғанды ұнатасыз? Адамдармен әсіресе, таныс емес адамдармен байланыс орнату сіз үшін оңай ма? Белгілі қызмет түрін орындай алау икемділігінің өзіндік маңызы зор.

  1. Зерделеу

Бастысы өзіңізді тиісінше бағалауыңыз қажет, өзімнен және өз жұмысымнан нені қалаймын, бес жылдан кейін қандай боламын. Барлық қолжетімді ақпарат көздерін пайдалана отырып, өзіңіздің болашақ мамандығыңыз туралы көп білуге тырысыңыз. Сол немесе басқа мамандық өкілдері айналысатын кәсіпорындар қызметін өз көзіңізбен көріп танысу үшін саяхатқа барыңыз. Теңізші болғыңыз келеді ме? Кемедегі күндермен жақын танысу үшін ата-анаңызды кемемен саяхат жасауға көндіріңіз. Бағдарламашы болғыңыз келеді ме? Онда тек компьютерлік ойындарды қызықтап қана қоймай, қарапайым бағдарламаларды жазуға үйреніңіз. Мысалы: журналист мансабы туралы армандай отырып, газетке атшабар болса да, жұмысқа орналасқан жөн болады. Осылайша сіз журналист кәсібімен іштей танысу мүмкіндігіне ие боласыз. Сол немесе өз мамандықтарды сәйкестігін анықтау кезінде тізбе пайдаланылады.

  1. Еңбек нарығындағы жағдайды бағалаңыз

Ең оңай жол: бос орындар туралы хабарландырулары бар бірнеше басылымдар алыңыз. Интернет желісіндегі жұмысқа орналасуға арналған сайттардан қандай мамандар қажетттігін қараңыз. Осы деректерді салыстыра отырып, қандай жоғары оқу орнына немесе қандай факультетте оқу болашақта пайдалы екендігін анықтауыңызға болады. Алайда нарық сұранысының ауысып отыратындығын естен шығармаған жөн.

  1. Мамандардың көмегіне жүгініңіз

Егер сізде күмән туындаса, мамандардың көмегін пайдаланыңыз. Бұл ретте не мектеп психологымен, немесе психологиялық кеңсе маманымен ақылдасуға болады.

  1. Соңғы таңдау

Ақпаратты жинағаннан кейін 5-10 ұстанымнан негізгілердің тізімін қараңыз. Содан соң сынақтан өткізілген тәсілді қолданыңыз: бір парақ қағазды алып екі бағанына бөліңіз. Бір-бірден алып тастау әдісін қолданыңыз. Тізімде үш тармақ қалған сәтте қосымша неғұрлым егжей-тегжейлі зерттеу жүргізіп, соңғы шешім шығарыңыз.

Ешқашан өз бағыңызды бөгде жағдайлармен анықтауға мүмкіндік бермеңіз. Бір орында отырып қалмаңыз! Таңдауыңыз табысты болсын. өміріңіздің үштен бір бөлігін сіз үшін тартымсыз жұмыста азаппен өткізу, жұмысқа мүлдем ынтасыз бару, тиісті уақытты жиіркенішпен өткізу - мұндай болашақ сізді қанғаттандырады ма?

Түлектерге кеңес

  1. Оқуға дайындалатын орынды дайындаңдар: үстелдің үстінен артық кітаптарды, дәптерлерді алып тастаңдар;
  2. Бөлмеңізді сары және күлгін түстер болсын
  3. Жұмыс жоспарын құрыңдар, әр күні нені дайындайтыңызды жоспарла
  4. Қиын бөлімнен баста
  5. 40 минут сабақ оқу - 10 минут демалыс. Демалыс кезінде ыдыс жу, гүл суар, душқа түс
  6. Газеттердегі тесттерді орындап отыр.
  7. Секундомермен өлшеп көр 1 сұрақ - 1,5 минут
  8. Емтихан тапсыра алмайтын деген ой мүлдем болмасын
  9. Емтиханның алдында бір күн қиын деген тапсырмаларға қалдырыңыз

Емтихан алдында

  1. Емтиханға дайындалуға бір күн жетеді деген ой дұрыс емес. Керісінше кемте қыдырыңыз, жуыныңыз, ұйқыңыз қаңсын.
  2. Емтихан алдында 15-20 минут ерте келіңіз
  3. Далада суық болса жылы киін

Емтихан кезінде

  1. Тест тапсырмаларын көзіңмен бір қарап шалып өт
  2. Сұрақты аяғына дейін мұқият оқып шық
  3. Егер жауабын білмесең не күдіктеңсең бұл сұрақты тастап кет. Оңайынан баста
  4. Қиын және түсініксіз сұрақтарды кейінгіге қалдыр. Тестің ішінде су жауабын білетін сұрақтар барына күмәнданба