Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
"Қызылорда облысының білім басқармасының "Қазалы ауданы бойынша білім бөлімінің "Ж.Жабаев атындағы № 234 орта мектебі" КММ
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
"Қызылорда облысының білім басқармасының "Қазалы ауданы бойынша білім бөлімінің "Ж.Жабаев атындағы № 234 орта мектебі" КММ

Ж. Жабаев атындағы 234 орта мектептің қамқоршылық кеңесінің төрағасы түктібаев өмірзақ пен мектеп басшысы уразбаева бастаған мониторингтік топ мектептегі оқушылардың тамақтану сапасына желтоқсан айында кезекті мониторингтік бақылау жүргізді.

1. Мектептегі оқушылардың тамақтану сапасына мониторинг жүргізу 
1. Мониторингтік комиссияның ас блогындағы, асханадағы жұмыстарын тексеру бойынша жиналыс қаулысының қорытындысы:
- тамақ өнімдерінің сапасын, оларды тасымалдау, жеткізу, түсіру, сақтау шарттары талапқа сай орындалған
- күнделікті мәзірдің перспективалық сәйкестігі дұрыс.
- ас блогы қызметкерлерінің жеке гигиена ережелері сақталған. 
- кластар бойынша тамақтану кестесі мен тамақтану арасындағы аралық сақталған.
- дайындалған өнімнің органолептикалық қасиеттері сақталған, технологиялық картаға сәйкес келеді.
- асханаға қосалқы ыдыстар жетіспейді, қосымша алынуы керек. 
- асханада тыйым салынған тағамдар мен өнімдер дайындалмайды және сатылмайды.
- асхана және ас үй ыдыстарының аз болуына байланысты қосымша аспаптар керек.
- ас блогында ыдыс жуу ережесі жаңартылған
- көкөністерді жәшіктерде, тауар қойғыштарда, тегендердегі таңбаланған сыйымдылықтарда сақталған
- тағам сақтайтын тоңазытқыштар бар, бірақ қосымша тоңазытқыш алу керек.
- тамақтардың шығуын, дайындалған тамақтану көлемінің бір реттік порция көлеміне және балалар санына сәйкестігін күнделікті медбике қадағалап отырады.
- жұмыртқаны жууға арналған арнайы құралдар жоқ, бейімделген
- тамақ өнімдерін жеткізушілермен жасалған шарттар мен құжаттар бар
- дезинфекциялық құралдары талапқа сай алынған.