Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
"Қызылорда облысының білім басқармасының "Қазалы ауданы бойынша білім бөлімінің "Ж.Жабаев атындағы № 234 орта мектебі" КММ

Ж.Жабаев атындағы №234 орта мектепте 2024 жылдың 4 қазан күні мектептің мониторингтік комиссия мүшелері мектеп асханасына мониторингтік бақылау және тексеру жұмыстарын жүргізді. Мониторингтік тексеру барысында асхананың санитарлық жағдайы, ыдыс-аяқтардың тазалығы, балалардың тамақтануының дұрыс ұйымдастырылуы бақыланды. 

Күнделікті комиссия мүшелері тарапынан азық-түлік сақтайтын қоймалар, жеміс-көкөніс сақтайтын орындар, қайнату, пісіру цехтары, тәуліктік сынама алу мен сақталуы, мектеп асханасында азық-түліктерді уақытылы пайдалану, олардың сақталу мерзімі, балалардың қол жуатын орындары, астарды тоңазытқыштарда, қоймаларда сақтау, ас әзірлейтін блоктардың санитарлық жай-күйі, келіп түскен тамақ өнімдерінің және дайын тағамның сапасы бақыланып, тексеру барысында анықталған кемшіліктерге байланысты жеке кәсіпкер М.Бершімбаева мен асхана қызметкерлеріне кемшіліктері атап көрсетіліп, оны жою туралы комиссия тарапынан тапсырма берілді.